E-mail Печать PDF

20.01.2013ж.  Білім басқармасы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 10.01.2013 жылғы №3 хатын жолдай отырып ...

«Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру және өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарға қолдау көрсету» тақырыбындағы облыстық семинар

Қалалық, аудандық білім
бөлімдеріне Облыстық мектеп-интернаттарға



Білім басқармасы  2012 жылғы 15 ақпанда 10.00 сағатта он-лайн режимде мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, класс жетекшілер және психологтар үшін облыстық он-лайн семинар өткізілетінін хабарлайды.
Семинардың тақырыбы: «Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие мәселелері».   Күн тәртібінде қаралатын сұрақтар:
1.    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты  Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бағытында мектеп оқушылары  арасында патриотизм, парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттық, жан мен тәннің үйлесімді дамуы, заңға мойынұсынушылық дағдысын қалыптастыру шараларын алу.
2.    Мектеп оқушыларын Қазақстандық патриотизм рухында белсенді тәрбиелеу бағытында облыс мектептерінде «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастыру туралы.
3.    Мектеп оқушыларын әлеуметтік-психологиялық қолдау туралы:
•    Мектеп психологтарының жұмыс мазмұнын жаңарту жолдары.
•    Оқушылар арасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу мәселелері.
•    Білім ұйымдарындағы «Сенім телефондары» жұмысын ұйымдастыру туралы.
Семинар жұмысына білім бөлімдерінің  күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  жауапты мамандарының және мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасарларының он-лайн режимде қосылуын қамтамасыз ету сұралады. Семинар материалдары білім басқармасының сайтына орналастырылады.

Орындаушы: А.Ауесхан, тел. 564218                                                           




ЖОБА


Мамандандырылған музыка мектептерінің, балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің
халықтық бөлімдерінің жас музыкант-оқушыларының 46-шы републикалық конкурсын өткізу  ережесі

1. Конкурстың мақсаты
1. Аталған конкурстың мақсаты:
- оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін және орындау шеберліктерін жетілдіру;
- музыкалық білім беру беделділігін көтеру;
- музыка мектептерінің кәсіби болашағы бар педагогтарын, оқушыларын  анықтау;
- педагогтардың біліктілігін жоғарлату үшін шеберлік сыныптарын өткізу;
- оқушыларға қосымша музыкалық білім беру нәтижелілігіне кешенді баға беру.
2. Конкурсты жүргізу тәртібі
1. Балалардың  музыка мектептерінің және өнер мектептерінің оқушыларының  конкурсы халық аспаптары бөлімінің оқушылары-жеке орындаушы лары  мен шығармашылық ұжымдары (қазақ, орыс халық аспаптарының ансамбльдері  немесе оркестрлері ) арасында өтеді.
2. Жеке орындаушылар мен ұжымдардың республикалық Конкурсының іріктеу кезеңдері:
1) мектептік;
2) облыстық.
3. Конкурсты кезеңдермен жүргізуге жауапкершілік пен басқару Білім беру басқармасына жүктеледі.
4. Жеке орындаушылар конкурсы жастарына қарай  кіші, орта және жоғарғы топтардың арасында осы
жылдың 1 наурызында өтеді :
1) кіші жастағы топ  – 10  жасқа дейінгілерді қоса;
2) орта жастағы топ  –  13  жасқа дейінгілерді қоса;
3) ересек жастағы топ  –  17 жасқа дейінгілер.
5. Кіші жастағы топ қатысушыларына қойылатын Конкурс бағдарламасының талаптары, музыка мектебінің ІІІ сынып оқушыларына қойылатын талаптардан төмен болмауы керек. Сол сияқты, орта жастағы топта – IV сынып, ересектер тобында – V сынып оқушыларына қойылатын талаптардан төмен болмауы керек.
6. Конкурс кіші және орта топтарда 1 турда, ересек топта 2 турда өткізіледі. Екінші турға қатысушылардың үштен бір бөлігі ғана жіберіледі.
7. Конкурс бірінші жеке орындаушылар арасында, одан кейін ұжымдар арасында өтеді. Ансамбльге қатысушылар саны 8 адамнан кем емес,  ал оркестр ұжымының құрамындағылардың саны 30 адамнан аспауы керек.
8. Ұжымның республикалық конкурсқа қатысатындығы жөніндегі шешімді рұқсат қағазына сәйкес (қазақ және орыс ұлттық аспаптары ансамбльдері немесе оркестрлері. Өзара ауыстырылуға жол берілмейді), облыстық қазылар алқасы қабылдайды.
9. Мамандандырылған мектептердің оқушыларының жеке орындаушылар арасындағы конкурсы екі турда және екі жастағы топтар арасында өтеді:
1) орта жастағы топ  –  12 жастан 15 жасқа дейінгілерді қоса;
2) ересек жастағы топ  – 16  жастан 18 жасқа дейінгілерді қоса.
10. Қатысушылардың конкурста өнер көрсету реті жеребе арқылы анықталады.
3. Конкурсты өткізу мерзімі
1. Облыстық конкурстар 2012 жылдың 1-ші наурызына дейін өткізіледі.
2. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер, 2012 жылдың 7-ші наурызына дейін, ұжымдардың тізімі және ұжымдағы қатысушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесі бар қосымшалармен бірге электронды және қағаз түрінде қабылданылады.
3. Конкурстың өту мерзімі, өту орны және қатысушылардың  (жеке орындаушылар, ұжымдар) келуі қосымша хабарланылатын болады.
4. Конкурсты қаржыландыру
1. Конкурсты жүргізуді және қатысушыларды марапаттауды, облыстық конкурстардың қазылар алқасының шешімі бойынша, облыстық білім беру басқармасы қаржыландырады.
2. Республикалық конкурсқа қатысушылардың жол ақысы, жатар орны, тамақтану шығындары – жіберіп отырған жақтардан, ал конкурсты өткізу бойынша қалған басқа шығындар – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Республикалық конкурсқа қатысушылардың саны рұқсат қағазына сәйкес анықталады.
4.Оқушыларды алып жүрген педагогтардың және концертмейстерлердің еңбек ақысы іссапар кезінде сақталады.
5. Конкурстың лауреаты атағын жеңіп алған оқушылардың педагогтары мен концертмейстерлері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталады.

5. Балалар музыка мектептерінің, Өнер мектептері нің оқушылары үшін Конкурстың
бағдарламалық талаптары

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАРЫ
ДОМБЫРА
Кіші топ
3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторының сүйемелдеуімен бірге.
Орта топ
3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторының сүйемелдеуімен бірге.
Ересек топ  
I- тур:   1. Екі түрлі сипаттағы күй (шертпе, төкпе).
2. Виртуозды шығарма.
II- тур:  1. Орыс, кеңес немесе батыс композиторының шығармасы.
2. Орындаушының таңдауы бойынша  шығарма.
ҚОБЫЗ
Кіші топ        
3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторының сүйемелдеуімен бірге.
Орта топ
3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторының сүйемелдеуімен бірге.
Ересек топ
I- тур:   1. Ұлттық нақыштағы музыкалық пьеса (күй).
2. Ұлттық әуенге қайта өңдеу.
3. Орыс, кеңес немесе батыс композиторының шығармасы.
II- тур:  1. Кеңейтілген үлгіде (концерт).
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

ҚЫЛ ҚОБЫЗ
Кіші топ
3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторының сүйемелдеуімен бірге.
Орта топ
3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторының сүйемелдеуімен бірге.
Ересек топ
I-  тур:   1. Екі түрлі сипаттағы күй  (кварта, квинтаға салумен).
2. Орыс немесы батыс композиторы сүйемелдеуімен шығарма.      
II- тур:  1. Кеңейтілген үлгіде (концерт).
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма  (ұлттық күй болуы мүмкін).                                           
ШЕРТЕР
Кіші топ
1. Қазақ  ұлттық күйін, әнін немесе қазақ композиторының шығармасын қайта өңдеу.
2. Орыс композиторының  пьесасы.
3. Ұлттық әуенді өңдеу.
Орта топ
1. Қазақ  ұлттық күйін, әнін немесе қазақ композиторының шығармасын қайта өңдеу.
2. Батыс композиторының  пьесасы.
3. Ұлттық әуенді немесе ұлттық күйді өңдеу
4. Виртуозды шығарма немесе концерт (1 бөлім немесе 2-3 бөлім).             
Ересек топ
I- тур: 1. Қазақ  ұлттық күйін, әнін немесе қазақ композиторының шығармасын қайта өңдеу.
2. Ұлттық әуенді немесе ұлттық күйді өңдеу.    
3. Виртуозды шығарма.
II- тур:   1. Концерт  (I бөлім немесе II-III бөдім).
2. Шығарма немесе күй (орындаушының таңдауымен).


ОРЫС ҰЛТТЫҚ АСПАПТАРЫ

БАЯН, АККОРДЕОН
Кіші топ   
1. Кантилена.
2. Казақстан композиторының пьесасы.
3. Кеңейтілген үлгіде немесе халықтық әуенде өңделген шығарма.
Орта топ
1. Виртуозды шығарма.  
2. Полифониялық шығарма (таңдалған клавиатурада – баянға арналған).
3. Кеңейтілген үлгіде немесе халықтық әуенде өңделген шығарма.
4. Қазақстан композиторының пьесасы.
Ересек топ
I- тур: 1. Виртуозды шығарма.
2. Полифониялық шығарма (таңдалған клавиатурада – баянға арналған).
3. Қазақстан композиторының шығармасы.
I- тур: 1. Халық әуенін өңдеу.
2. Кеңейтілген үлгі (вариациялар, өңдеулер, халық әуендеріне ыңғайланған  концерттік пьесалар).

ДОМРА,  БАЛАЛАЙКА
Кіші топ
1. Қазақ  халқының күйін, әнін немесе қазақ композиторының шығармасын қайта салу немесе өңдеу.
2. XVII – XIX ғасыр композиторының пьесасын қайта өңдеу.
3. Халық әуенін өңдеу.                                    
Орта топ
1. Қазақ  халқының күйін, әнін немесе қазақ композиторының пьесасын қайта өңдеу.
2. XVII – XIX ғасыр композиторының пьесасын қайта өңдеу.
3. Халық әуенін өңдеу.
4. Виртуозды шығарма немесе концерт  (I бөлім немесе  2 – 3 бөлімдер)
Ересек топ
I- тур:  1. Қазақ  халқының күйін, әнін немесе қазақ композиторының пьесасын қайта өңдеу.
2. Халық әуенін өңдеу.    
3. Виртуозды шығарма.
II- тур: 1. Концерт I бөлім немесе II – III бөлім.
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

ГИТАРА
Кіші топ
1. Композитордың шығармасы - классика.
2. Қазақ  ұлттық әндерін немесе Қазақстан композиторының пьесасын гитараға арнап өңдеу.
3. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.
Орта топ                                                                                       
1. Композитордың шығармасы - классика.
2. Қазақ  ұлттық әндерін немесе Қазақстан композиторының шығармасын гитараға арнап өңдеу.
3. Кеңейтілген үлгі (ұлттық тақырыпта вариациялау, рондо, сонатина, сюиталық, т.б.).      
4. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.
Ересек топ
I- тур:  1. Композитордың шығармасы - классика.
2. Қазақ  ұлттық әндерін немесе Қазақстан композиторының шығармасын гитараға
арнап өңдеу.
3. Виртуозды пьеса.
II- тур: 1. Кеңейтілген үлгі немесе полифониялық шығарма.
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

ОРКЕСТРЛЕР, АНСАМБЛЬДЕР

Оркестр мен ансамбльдердің орындайтын конкурстық бағдарламасына түрлі сипаттағы шығармалар енгізілуі тиіс, солардың бірі – Қазақстандық композитордың шығармасы немесе өңделген қазақ ұлттық әуені. Конкурста орындалатын шығармалар саны 4-тен кем болмауы тиіс. Әр ұжымға берілетін уақыт – 15-20 минут.
Оркестр мен ансамбльдің құрамына дирижер немесе орындаушының рөлінде бір педагог қатысуға құқылы.   

6.  Мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары үшін Конкурстың бағдарламалық
Талаптары  

ДОМБЫРА
Орта топ
І-тур: 1. Қазақстан композиторларының шығармасы  (күй сандықтың сүйемелдеуімен).
2. Шертпе күй  (таңдауы бойынша).
3. Төкпе күй  (таңдауы бойынша).

ІІ-тур: 1. Шетел және орыс композиторларының бір шығармасы (күй сандықтың сүйемелдеуімен).
2. Шертпе күй  (таңдауы бойынша).
3. Төкпе күй (таңдауы бойынша).

Үлкен топ
І-тур: 1. Қазақстан композиторларының шығармасы (күй сандықтың сүйемелдеуімен).
2. Шертпе күй  (таңдауы бойынша).
3. Қазақстан халық композиторларының бір күйі (Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Қазанғап т.б.).

ІІ-тур: 1. Шетел және орыс композиторларының бір шығармасы (күй сандықтың сүйемелдеуімен).
2. Шертпе күй  (Шығыс күйлер).
3. Сыр, Маңғыстау өңірінің бір күйі (таңдауы бойынша).
4. Қазақстан халық композиторларының бір күйі (Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Қазанғап т.б.).

ҚОБЫЗ-ПРИМА
Орта топ
I-тур: 1. Б. Джуманиязов – «Романс»,  К. Күмісбеков «Концерттік пьеса», А.Жұбанов «Көктем»
(таңдауы бойынша).
2. Халық күйлері немесе халық композиторы күйлерінің өңделген түрі  (таңдауы бойынша).
3. Виртуоздық шығарма (таңдауы бойынша).

II-тур: 1. Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармасы  (таңдауы бойынша).
2. Күрделі формадағы шығарма.

Үлкен топ
I-тур:  1. М. Төлебаев – «Поэма», А.Жумадильдина «Қобызға арналған пьеса», А.Жұбанов «Ария»
(таңдауы бойынша).
2. Халық күйлері немесе халық композиторы күйлерінің өңделген түрі (таңдауы бойынша).
3. Виртуоздық шығарма (таңдауы бойынша).

II -тур:  1. Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармасы (таңдауы бойынша).
2. Күрделі формадағы шығарма.

ҚЫЛ  ҚОБЫЗ
Орта топ
І-тур:  1. Қорқыт – (қалауы бойынша).
2. Ықылас – (қалауы бойынша).
3. Қазақстан композиторларының шығармасы.

ІІ-тур: 1. Ықылас – (қалауы бойынша).
2. Баубек – «Сарын».
3. Бір күй   - Өз қалауы бойынша.

Үлкен топ
І-тур:  1. Қорқыт – «Қоңыр».
2. Ықылас –  (қалауы бойынша).
3. Өз қалауымен 1 күй немесе 1 шығарма.

ІІ-тур: 1. Қобыздың  күйі – (қалауы бойынша).
2. Виртуоздық шығарма (таңдауы бойынша).
3. Ықылас – «Жезкиік» 2-ші түрі.

ДОМБЫРА – ПРИМА
Орта топ
І-тур: 1. Қазақстан композиторларының бір шығармасы.
2. Шетел және орыс композиторларының шығармасы.
3. Күрделі формадағы шығарма.

ІІ-тур: 1. Қазақстан композиторларының шығармалары.
2. Шетел және орыс композиторларының шығармасы.
3. Күрделі формадағы шығарма.

Үлкен топ
І-тур:  1. Қазақстан композиторларының шығармалары.
2. Шетел және орыс композиторларының шығармасы.
3. Цыганковтың өңдеуінде О.Х.Ә. жазылған «Тустеп».

ІІ-тур: 1. Қазақстан композиторларының шығармалары.
2. Шетел және орыс композиторларының виртуоздық шығармасы.
3. Күрделі формадағы шығарма.

ШЕРТЕР
Орта топ
I-тур:  1. Халық күйі «Жорға аю».
2. Шетел композиторларының шығармасы.
3. Қазақ, орыс композиторларының  виртуаздық шығармасы.

II-тур: 1. Халық күйі «Ой толғауы».
2. Орыс композиторларының виртуаздық шығармасы.
3. Шетел, қазақ композиторларының шығармасы.

Үлкен топ         
I-тур:  1. Нұрғали «Көк қаршыға».
2. Шетел композиторларының шығармасы.
3. Орыс,қазақ композиторларының виртуаздық шығармасы.

II-тур: 1. Күмісбеков «Вальс».
2. Шетел композиторларының күрделі формадағы шығармасы.
3. Халық композиторларының күйі.

БАЯН, АККОРДЕОН (СЫРНАЙ)

Орта топ
I-тур:  1. Полифониялық шығарма.
2. Қазақстан композиторының пьесасы.
3. Виртуозды шығарма.

II-тур:  1. Халық әуенін өңдеу.
2. Таңдау бойынша шығарма.

Үлкен топ         
I-тур:  1. Полифониялық шығарма. (таңдалған клавиатурада – баянға арналған).
2. Виртуозды шығарма.
3. Қазақстан композиторының пьесасы.

II-тур:   1. Кеңейтілген үлгіде.
2. Халық әуенін өңдеу.

ДОМРА,  БАЛАЛАЙКА

Орта топ
I-тур:     1. Қазақ  халқының күйін, әнін немесе қазақ композиторының пьесасын қайта өңдеу.
2. XVII – XIX ғасыр композиторының пьесасын қайта өңдеу.
3. Виртуозды шығарма.

II-тур:  1. Халық әуенін өңдеу.
2. Таңдау бойынша шығарма.                                 

Ересек топ
I-тур:  1. Қазақ  халқының күйін, әнін немесе қазақ композиторының пьесасын қайта өңдеу.
2. Халық әуенін өңдеу.    
3. Виртуозды шығарма.

II-тур: 1. Концерт I бөлім немесе II – III бөлім.
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

ГИТАРА                  
Орта топ                                                                                       
I-тур:  1. Композитордың шығармасы - классика.
2. Қазақ  ұлттық әндерін немесе Қазақстан композиторының шығармасын гитараға арнап өңдеу.
3. Виртуозды шығарма.

II-тур:  1. Кеңейтілген үлгі (ұлттық тақырыпта вариациялау, рондо, сонатина, сюиталық, т.б.).      
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

Ересек топ
I-тур:  1. Композитордың шығармасы – классика.
2. Қазақ  ұлттық әндерін немесе Қазақстан композиторының пьесасын гитараға арнап өңдеу.
3. Виртуозды пьеса.

II- тур: 1. Кеңейтілген үлгі немесе полифониялық шығарма.
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

 

РусскийҚазақша

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының м.а.

Бегимбетов Руслан Галымжанович


Блог


© Управление образования Актюбинской области.