Қысқы «КАНИКУЛДЫҚ МЕКТЕП» жұмысы

E-mail Печать PDF
Рейтинг пользователей: / 0
ХудшийЛучший 

Білім басқармасының бастамасымен қысқы каникул уақытында 4-6 қаңтар аралығында "Каникулдық мектеп" білім беру жобасын іске асыру мақсатында өз жұмысын жалғастырды. «Каникулдық мектеп» жұмысы үш аудандық  ресурстық мектеп базасында: Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылы И.Құрманов атындағы орта мектебі, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылы Ақкемер орта мектебі, Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы Бөгетсай орта мектебінде ұйымдастырылды.  «Каникулдық мектептер»  жұмысына  педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында  аталған тірек мектептеріне жақын орналасқан аудан мектептерінің мұғалімдері шақырылды.



«Каникулдық мектептің» алғашқы күні Мұғалжар ауданы Ақкемер орта мектебі базасында «Жаңа мазмұнды білім беру бағдарламасы аясында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік семинар өткізілді. Семинар жұмысына Мұғалжар, Шалқар, Байғанин, Алға аудандары мектептерінің қазақ тілі, орыс тілі және тарих пәні мұғалімдері қатысып, оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау, эссе жазу әдістемесі бойынша тәжірибе алмасты.

«Каникулдық мектептің» екінші күні Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылы И.Құрманов атындағы орта мектебі базасында Қобда, Ойыл, Темір, Мартук аудандары мұғалімдері, ал үшінші күні Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы Бөгетсай орта мектебі базасында Хромтау, Әйтеке би, Қарғалы, Ырғыз ауданы мектептерінің мұғалімдері бас қосты.

Қатысушылар алдында Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ақтөбе қаласы мектептерінің шығармашыл мұғалімдері, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы әдіскерлерінің озық іс-тәжірибелері таратылды.  Жұмыс барысында тарих сабақтарында CLIL-әдістемесін пайдалану, Қазақстан тарихы пәні бойынша мектеп бітірушілерді ауызша емтиханға дайындау,  жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-ға дайындау,  оқылым мен жазылым арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын дамыту, эссе жазуға үйрету сынды өзекті мәселелер талқыланып, түрлі тренингтер, шебер-кластар, коучтер ұйымдастырылды.

Келесі көктемгі «Каникулдық мектеп» жұмысы көктемгі каникул уақытында облыстың бастауыш класс мұғалімдеріне арналып, жаңартылған мазмұнға бағытталған мәселелер төңірегінде жүргізілді.

alt

alt

alt

alt

alt

alt

alt

alt


 

РусскийҚазақша

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы

Оразбаева Ләззат Аманжолқызы

Блог


© Управление образования Актюбинской области.