Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ


АРХИВ ВСЕХ НОВОСТЕЙ УПРАВЛЕНИЯ⁠⁠



Әбіш оқулары. Əбіш Кекілбаевтің құрметіне арналған кездесулер

E-mail Печать PDF
Әбіш оқулары. Əбіш Кекілбаевтің құрметіне арналған кездесулер   «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қаланады . Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізіліп, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейтуге ықпал етеді. Басты мақсат - білім мен білік алған еліміздің азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі. Сол ұлттық идеяның аясында Ақтөбе облысының білім басқармасы қаламыздағы бірқатар мектептері мен колледждерінде «Әбіштану»  кабинетін ашып, соның бірі М.Құсаинов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында болды. Еліміздің бірнеше қаласынан Әбіш ағамыздың жолдасы Клара Жұмабаева, достары мен жазушылар, қоғам қайраткерлері қонаққа келіп, мұғалімдер мен балалардың творчестволық ізденістерін тамашалады.
Подробнее...
 

Қызылорда облысындағы Ақтөбе күндері: "Барлығы балалар үшін"

E-mail Печать PDF

Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылу аясында екі облыстың білім басқарма делегациясы 2016 жылғы 13 және 15 қазан аралығында Қызылорда облысының білім беру мекемелерін аралап тәжірибе алмасты.  

Алғашқы күні делегация бағдарлама бойынша Арал ауданына қарасты "Қамбаш" балалар оқу-сауықтыру орталығында болды. Бұл демалыс аймағы Қамыстыбас ауылында орналасқан, жұмыс жасағанына бір жылдай уақыт болған. Орталық директоры Гүлмира Тәжедидің айтуынша, бұл орталық 2015 жылы пайдалануға берілген, 13 гектар жер алқабын қамтып жатыр. Ғимарат 6 блоктан тұрады: 3 блокта – жатын орындар, қалған үшеуі қоғамдық блок болып келеді, олардың ішінде медкабинет, интернет-кафе, конференц-зал, фитнес-зал, тренажерлық зал, бассейн және асхана орналасқан. Орталыққа келген балалар ҰБТ-ға байланысты таңдаған пәні бойынша дайындалады, ал жаз айларында балалар түрлі үйірмелерге қатысып, демалыстарын көңілді өткізеді.

Подробнее...
 

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

E-mail Печать PDF

АҚПАРАТ – БАСПАСӨЗ  

«Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру  орталығының ұйымдастыруымен өтетін  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  республикалық олимпиадасының  облыстық  кезеңін  2016 жылғы 14 қазанда жалпы  білім беретін  мектептердің 7-9 класс   оқушылары  арасында  өткізетінін  хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани – адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

Подробнее...
 

Саяхат (Қарғалы)

E-mail Печать PDF

«Қарғалы ауданының №1 «Аула клубы»КММ-сі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған туристік-өлкетану саяхатын, ауданымыздағы Қарғалы су қоймасына  08.10.2016  жыл күні саяхатқа  21 оқушы апарылды. Саяхат туристік,өлкетану, экология бағыты бойынша жүргізілді.

Мақсатымыз: оқушылар мен «Туған өлкеге саяхат» жасау,туған жерінің тарихымен таныстыру.

Подробнее...
 

Саяхат (Ойыл 2)

E-mail Печать PDF

2016  жылдың 03.10  күні  Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің оқушылары   Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған туристік-өлкетану маршыруттың аясынды тарихи өлкелерде   саяхат жасап қайтты.

Подробнее...
 


Страница 9 из 18

РусскийҚазақша

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы

Өмірбекова
Сәуле Рахымқызы

Өмірбаяны         Блог


© Управление образования Актюбинской области.