Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ


АРХИВ ВСЕХ НОВОСТЕЙ УПРАВЛЕНИЯ⁠⁠



«Білім беруді жаңғырту жағдайында қазіргі заманғы мектепті басқару жүйесі»

E-mail Печать PDF

Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2017 жылдың 12-13 қазан күндері жалпы білім беретін мектептердің жас директорларына арнап «Білім беруді жаңғырту жағдайында қазіргі заманғы мектепті басқару жүйесі» тақырыбында екі күндік облыстық оқыту семинары бастау алды. Семинарға облыстың 50-ге жуық мектеп басшылары қатысуда.

Семинардың мақсаты: Мектеп басшыларына жаңашылдық мақсатта мектептің даму жоспарын құруда өзекті мәселені анықтау, білім беру жүйесін тиімді ұйымдастыру, стратегиялық жоспарлау, көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Подробнее...
 

Ақтөбе өңірінің ұстаздары Халықаралық Мұғалімдер күнін атап өтті

E-mail Печать PDF

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқанда, көк күмбезін тесіп өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәлім алған, сондықтан бүкіл адамзат баласы ұлағатты ұстаз алдында құрметпен бас иеді.

Халықаралық  мұғалімдер күні мерекесіне орай  Ақтөбеде ұстаздарын ұлағаттау облыстық салтанатты шарасы өтті.  Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі  Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Илияс Испанов, 400-ге жуық құрметті қонақтар мен педагогикалық қызмет ардагерлері қатысты.

Подробнее...
 

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын қорытындылады

E-mail Печать PDF

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймағында 9 жыл қатарынан дәстүрге айналған жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы биыл «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілді.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Осыған байланысты шағын аудандарды аралау рейдтері  жүргізілетін болады.

Подробнее...
 

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

E-mail Печать PDF

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР,

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!


Балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, сөзімен, білімімен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері – Сіздерсіздер!

Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні – мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ. Осы жолдағы атқарған ерен еңбектеріңіз ұшан-теңіз.

Ақтөбе облысының білім басқармасы   Сіздерді шын жүректен меркелеріңізбен құттықтаймыз!

Дендеріңізге саулық, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу тілейді. Есімдеріңізді паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!

 


Страница 1 из 25

РусскийҚазақша

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының м.а.

Бегимбетов Руслан Галымжанович


Блог


© Управление образования Актюбинской области.